Блинкен Байрамов және Мирзоянмен кездесті

Энтони Блинкен Вашингтонда Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов және Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесті.

2004953
Блинкен Байрамов және Мирзоянмен кездесті

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Вашингтонда Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов және Армения Сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен кездесті.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Мэттью Миллер күнделікті баспасөз мәслихатында Блинкеннің Байрамов пен Мирзоянды «бейбітшілік келіссөздері аясында» қабылдағанын айтты.

Мэттью Миллер:

«Америка Құрама Штаттары Оңтүстік Кавказ аймағының бейбіт болашағына ұмтылуды жалғастырып жатқандықтан, келіссөздерді жеңілдету үшін осы аптада Армения Сыртқы істер министрі Мирзоян мен Әзербайжан Сыртқы істер министрі Байрамды күтіп алғанымызға қуаныштымыз» деді.

Блинкеннің екі министрмен алдымен жеке-жеке кездескенін, кейін бейбіт келіссөздердің үш жақты кездесумен жалғасқанын бөліскен Миллер:

"Блинкен екі кездесуде де проблемаларды шешуде тұрақты және лайықты бейбітшілікке қол жеткізудің кілті тікелей диалог екенін" атап өтті. 

Миллер Америка Құрама Штаттарының Армения мен Әзербайжанның бітімгерлік үдерісіне тиімді араласу жолындағы соңғы талпыныстары «жігерлендіргенін» және олардың осы серпінді дамыту үшін ел ретінде «қолдарынан келгенше көмектесетінін» баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар