Александр Лукашенко «Вагнер» компаниясының әрекетіне тоқталды

Беларусь президенті Александр Лукашенко: "Ресейде оқиғалар болып жатқан кезде Беларусь армиясына соғысқа дайындық жағдайына көшуді тапсырдым" деді.

2004757
Александр Лукашенко «Вагнер» компаниясының әрекетіне тоқталды

Беларусь президенті Александр Лукашенко ресейлік «Вагнер» қауіпсіздік компаниясының Ресей билігіне қарсы көтерілісі туралы:

«Егер Ресей құласа, бәріміз қирандылар астында қалып, өлеміз» деді.

Беларусь генерал шендерін ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде Лукашенко "Вагнердің" демалыс күндері Ресей әкімшілігіне қарсы көтеріліске шығу әрекетіне тоқталды.

Ресейдегі оқиғалардың «қайғылы» екенін айтқан Лукашенко жасап отырған жұмыстары жайлы мәліметінде:

"Ресейде оқиғалар болып жатқан кезде Беларусь армиясына соғысқа дайындық жағдайына көшуді тапсырдым. Армия, Қарулы Күштер, полиция, арнайы жасақтар соғысқа әзірлік жағдайына өтті" деп көрсетті.

Беларусьтің мәселені шешуде рөл атқарғанына назар аударған Лукашенко:

"Менен де, Ресей президенті Владимир Путиннен де, әрі "Вагнердің" басшысы Евгений Пригожиннен де батыр жаратудың қажеті жоқ. Өйткені біз орайды қолдан жіберіп алдық және кейін шешілетінін ойладық, алайда мәселе шешілмеді." Біз ойладық, бірақ шешілмеді. Қорыта айтқанда, майданда соғысып жатқан екі тарап бетпе-бет келді. Бұл мәселеде батыр жоқ" деген көзқарасын жеткізді.

Бұл процеске елінен қашқан оппозиционерлердің де араласқанын және Беларусьта да осындай қарсылықты ұйымдастыруға шақыру тасталғанын атап көрсеткен Лукашенко:

"Ең сорақысы да Ресейде дүрбелең болса, батыс оны пайдаланатын еді. Менің ойымша, Ресей құлайтын болса, бәріміз қирандылар астында қалып, өлеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар