Владимир Путин «Вагнер» сарбаздарына шақыру жасады

Ресей әкімшілігіне қарсы көтерілісінің артынан Путин телеарналар арқылы халыққа тағы үн қатты.

2004614
Владимир Путин «Вагнер» сарбаздарына шақыру жасады

Ресей президенті Владимир Путин «Вагнер» сарбаздарынан Ресей Қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отыруын, не болмаса отставкаға кетуін немесе Беларуське баруын талап етті.

«Вагнер» қауіпсіздік компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің Ресей әкімшілігіне қарсы көтерілісінің артынан Путин телеарналар арқылы халыққа тағы үн қатты.

Путин Вагнердің әрекетінен кейін халыққа ынтымағы мен патриоттығы үшін алғысын айтып, «Бұл азаматтық ынтымақ кез-келген бопсалаудың, ішкі алауыздық тудыруға бағытталған бастамалардың сәтсіздікке ұшырайтынын көрсетті» деді.

Оқиғалар басталғаннан бері пайда болған қауіпті жою, конституциялық тәртіп пен азаматтардың өмірін қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шешімдердің барлығын дереу қабылданғандарын атап көрсеткен Путин қарулы көтерілістің қандай да басылғанын мәлімдеді.

«Вагнер тобының жауынгерлері мен қолбасшыларының басым көпшілігінің сондай-ақ өз халқы мен мемлекетіне адал орыс патриоттары екеніне көзіміз жетті» деген Путин бұл адамдарды біреулердің пайдалануға тырысқанына назар аударды.

Владимир Путин осы себептен оқиғаның басынан-ақ өзінің тікелей нұсқауымен қантөгістің алдын алу шараларының қолға алынғанын еске салып, адасқандарға қайта ойлануға мүмкіндік берілгенін баса айтты.

«Бауыр қырғыны жасамай, дұрыс шешім қабылдаған Вагнер жауынгерлеріне» алғысын білдірген Путин «Бүгін Қорғаныс министрлігі немесе басқа құқық қорғау органдарымен бір келісім-шартқа отырып Ресейге қызмет етуді жалғастыруға, не болмаса отбасыңыз бен достарыңызға оралуға мүмкіндігіңіз бар. Кез-келген адам Беларуське бара алады. Мен берген уәде толық орындалады. Қайталап айтамын, таңдау сіздікі, бірақ трагедиялық қателігін түсінетін ресейлік жауынгерлердің таңдауы болатынына сенімдімін» деді.

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинада соғысып жатқан ерікті әскерлер мен жасақтардың 1 шілде күніне дейін армиямен келісімшартқа отыруын сұрады.

Ал Ресейде не болған еді?

«Вагнер» жекеменшік қауіпсіздік компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин Ресей армиясын «Вагнерді» шабуыл жасады деп айыптап, жауап қайтарамыз деп қорқытқан, «Вагнер» жауынгерлері Украинадан шығып, шекаралас Ростов облысына кірген еді.

Осы жағдайға байланысты Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) «қарулы тәртіпсіздік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

Ресей президенті Владимир Путин болса "Вагнердің" көтерілісін «сатқындық» деп атады.

Кремль әкімшілігі елдің көптеген аймақтарында Пригожин Мәскеуге дейін баратындарын жариялаған соң қауіпсіздік шараларын арттырды.

Беларусь президенті Александр Лукашенконың бастамасымен Ресейдегі шиеленісті азайту туралы ұсынысы қабылданған еді.



Ұқсас жаңалықтар