Пәкістанда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны 22-ге жетті

Марданда орташа температура 17-25 маусым күндері арасында 40 градустан асты.

2004632
Пәкістанда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны 22-ге жетті

«Geo News» телеарнасының хабарына қарағанда аптап ыстық Хайбер-Пахтунхва қаласының Мардан аймағына қатты әсерін тигізді.

Мардан медициналық орталығы басшысы дәрігер Тарык Махмұд аптап ыстықтан аймақта тағы 18 адамның қаза тапқанын мәлімдеді.

Махмуд қайтыс болғандардың көпшілігінің 50 жастан асқан әйелдер екенін айтты.

Елде аптап ыстықтан қаза тапқандар саны соңғы өлімдермен 22-ге жетті.

17-25 маусым күндері арасында Мардандағы орташа температура 40 градустан асты.

Жексенбі күні бас қала Исламабадта кондиционерлері жұмыс істемей тұрған Медицина ғылымдары институтында (PIMS) 4 науқастың аптап ыстықтың салдарынан қайтыс болғаны білдірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар