Путин "Вагнер" дағдарысының артынан алғашқы мәлімдемесін жасады

Путин: "Басымдығымыз - Украинадағы операция" деді.

2004194
Путин "Вагнер" дағдарысының артынан алғашқы мәлімдемесін жасады

Ресей президенті Владимир Путин «Вагнер» дағдарысының артынан жасаған алғашқы мәлімдемесінде «Украинадағы операцияның»  қазір өздерінің тек басым мәселелері екенін атап көрсетті.

Қорғаныс министрлігі лауазымдыларымен үнемі байланыста екенін атап көрсеткен Ресей басшысы «Басымдығымыз - Украинадағы операция, Украинадағы барлық жоспарларымыз орындалады» деді.

Путин Украинада 2022 жылдың ақпан айынан бері жүргізіліп жатқан соғыстың өзі үшін маңызды екенін атап «Мен күнімді осымен бастап, осымен аяқтаймын» деді.

Путин «Ресей Украинадағы арнайы әскери операциялармен байланысты жоспар мен тапсырмаларының барлығын толық орындалатынына сенеді» деді.

«Вагнер» қауіпсіздік компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин Ресей армиясының өздерін шабуыл жасаумен айыптағанын, осыған наразылық көрсеткен жауынгерлерінің болса Украинадағы майданнан шегініп, шекарадағы Ростов облысына кіргенін жариялаған болатын.

Осы жағдайға байланысты Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) «қарулы тәртіпсіздік» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.

Владимир Путин болса «Вагнер» көтерілісін «сатқындық» деп бағалады. Пригожин бас қала Мәскеуге дейін баратындарын жариялаған соң Кремль әкімшілігі елдің көптеген аймағында қауіпсіздік шараларын арттырған еді.

Ресей президенті Владимир Путин болса "Вагнердің" көтерілісін «сатқындық» деп атады.

Пригожин Мәскеуге баратындарын жариялағаен соң, Кремль әкімшілігі елдің көптеген аймақтарында қауіпсіздік шараларын күшейткен болатын.

Пригожин Беларусь президенті Александр Лукашенконың Ресейдегі шиеленісті азайту туралы ұсынысын қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар