Остин мен Резников телефонда сөйлесті

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин украиналық әріптесімен телефон арқылы сөйлесті.

2004348
Остин мен Резников телефонда сөйлесті

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин Украина Қорғаныс министрі Алексей Резниковпен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгіме туралы АҚШ Қорғаныс министрлігінен жазбаша мәлімдеме жарияланды.

Мәлімдемеде тараптардың аймақтық қауіпсіздік және Украинадағы жағдайды талқылағаны атап көрсетілді.

АҚШ-тың Украинаға қолдауының өзгермегеніне назар аударылған мәлімдемеде қауіпсіздік жәрдемі саласында Украинаның майдандағы қажеттіліктерін қамтамасыз ету тақырыбының қарастырылғаны білдірілді.

Мәлімдемеде министрлердің тығыз байланыста болуды жалғастыратыны баса айтылды.



Ұқсас жаңалықтар