Энтони Блинкен мен Денис Шмигал кездесті

Энтони Блинкен Ұлыбританияның астанасы Лондонда Украинаны қалпына келтіру конференциясына қатысқан Украина премьер-министрі Денис Шмигалмен бас қосты.

2002782
Энтони Блинкен мен Денис Шмигал кездесті

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ұлыбританияның астанасы Лондонда Украинаны қалпына келтіру конференциясына қатысқан Украина премьер-министрі Денис Шмигалмен кездесті.

Екі басшы кездесу алдында баспасөзге қысқаша мәлімдеме жасады.

Украинаны қалпына келтіру конференциясының өте маңызды кезеңде өткеніне назар аударған АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкен Украинаның тек экономикалық қалпына келуін ғана емес, сонымен бірге экономикалық болашағының да сол аймақта анықталатынын мәлімдеді.

Украинаның болашақ экономикасын анықтайтын маңызды мәселелердің бірі жеке сектордың үлестері болатынына назар аударған Блинкен мұның елдің Еуропа Одағына (ЕО) интеграциясына да әсер ететінін айтты.

Украина премьер-министрі Шмигал Америка Құрама Штаттарына өз еліне көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Украинаны қалпына келтіру конференциясында «қорғаныста қамтамасыз етілген бірліктің қалпына келтіруде де қамтамасыз етілетініне» назар аударылғанын атап өткен Шмигал АҚШ-тың қолдауын жалғастыруы үлкен мәнге ие екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар