Перудің бұрынғы премьер-министр Бетси Чавес ұсталды

Такна қаласындағы үйінен полиция топтарының бақылауымен алынған Чавес Чилимен шекарадағы түрмеге уақытша жеткізілген.

2002599
Перудің бұрынғы премьер-министр Бетси Чавес ұсталды

Перудің бұрынғы премьер-министр Бетси Чавес 2022 жылы 7 желтоқсанда прокуратураның бұйрығымен Конгреске қарсы төңкеріс жасауды жоспарлауда рөл атқарды деген айыппен ұсталды.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарына қарағанда Такна қаласындағы үйінен полиция топтарының бақылауымен алынған Чавес Чилимен шекарадағы түрмеге уақытша жеткізілген.

Прокуратура 18 айға қамауға алуды сұраған Чавес ұсталғанға дейін өзінің "Tik Tok" парақшасындағы мәлімдемесінде үйінде полицияны сабырмен күтіп отырғанын айтты.

Чавес өзіне қатысты қамауға алу туралы шешімнің соттан хабарланбағанын алға тартып,  миллиондаған перуліктердің қолдауын қасында сезінгенін айтты.

Прокуратура бұрынғы премьер-министр Чавесті Перудың бұрынғы президенті Педро Кастильомен бірге Конгреске қарсы сәтсіз төңкеріс әрекетіне қатысқаны пайымдауымен айыптап отыр.

Кастильоны үкіметті құлатты деп айыптаған Конгресс тарапынан 2022 жылы 7 желтоқсанда «тұрақты моральдық қабілетсіздік» деген айыппен қызметінен босатқан болатын.

Конгресте Кастильоны қызметінен босату себебін «қоғамдық міндеттерді басып алу, мемлекеттік биліктің жұмыс істеуіне кедергі келтіру және конституциялық құрылысты бұзуға әрекет жасау» деп көрсетілді.

Педро Кастильо Конгресті тарату және ұлттық төтенше жағдай үкіметін құру туралы шешім қабылдағаннан кейін ұсталды.



Ұқсас жаңалықтар