Гондурастағы әйелдер түрмесінде 41 тұтқын қаза тапты

Орталық Американың елі Гондурастағы әйелдер түрмесінде басталған төбелесте 25 әйел өртеніп, 16 әйел қарумен өлтірілгені білдірілді.

2002397
Гондурастағы әйелдер түрмесінде 41 тұтқын қаза тапты

Орталық Американың елі Гондурастағы әйелдер түрмесінде басталған төбелесте алғашқы анықтамалар бойынша 41 тұтқын әйел қаза тапты.

Гондурастың "La Prensa" газетінің хабарына қарағанда ел астанасы Тегусигальпаның Тамара қаласындағы әйелдер түрмесінде тәртіпсіздіктер мен қақтығыстар болған.

Оқиғалар кезінде 25 әйел өртеніп, 16 әйел қарумен өлтірілгені білдірілді.

Мара Салватруча мен Баррио 18 қарулы топтары арасындағы төбелеске байланысты түрменің айналасына көптеген қауіпсіздік күштері жіберілді.

Қауіпсіздік министрінің орынбасары Джулисса Виллануева түрмеде «төтенше жағдай» жарияланғанын Твиттер парақшасындағы жазбасында хабарлады.

Джулисса Виллануева:

"Мен Тамара әйелдер түрмесіне қатаң шара қолдануды бұйырдым. Біз бұл түрмедегі орынсыз әрекеттер мен тәртіпсіздікке рұқсат етпейміз. Өрт сөндірушілер, полициялар мен сарбаздардың сүйемелдеуімен жағдай мүмкіндігінше жылдам тәртіпке түсті" деді.

Сонымен бірге Тегусигальпадан шамамен 300 шақырым жерде орналасқан IIama түрмесінде қарулы қақтығыстардың болғаны және полицияның оқиғаларға араласқаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар