Австралия Парламенті іргесінде Ресейдің елшілік ашуына рұқсат бермеді

Австралия Парламенті Канберрадағы парламент ғимаратының жанында Ресейге жаңа елшілік ашуға тыйым салатын заңды мақұлдады.

2000235
Австралия Парламенті іргесінде Ресейдің елшілік ашуына рұқсат бермеді

Австралия Парламенті ел астанасы Канберрадағы парламент ғимаратының жанында Ресейге жаңа елшілік ашуға тыйым салатын заңды мақұлдады.

Австралия премьер-министрі Энтони Албанезе Ресейдің Канберрадағы парламент ғимаратының жанынан жаңа елшілік салуына тыйым салатын заң туралы хабарлады.

Осыдан кейін бұл заң Сенатта қабылданды.

Альбенесе құқық қорғау бөлімшелерінен кеңес алғанын айтты.

Австралия премьер-министрі Энтони Албанезе:

"Үкімет Парламент ғимаратына жақын жерде Ресейдің жаңа болмысының қаупі туралы нақты қауіпсіздік кеңесін алды. Біз жалға алынған жердің ресми дипломатиялық активке айналуына жол бермеу үшін жылдам әрекет етіп жатырмыз" деп көрсетті.

Австралияның Ішкі істер министрі және киберқауіпсіздік министрі Клэр О'Нил парламентте сөйлеген сөзінде елдерінде тыңшылық пен шетелдіктердің араласуына жол бермейтіндерін атап өтіп, демократияға қауіп-қатерге қарсы шешімдері үшін ешкімнен кешірім сұрамайтындарын айтты. 

О'Нил жоспарланған Ресей елшілігінің басты мәселесі оның орналасқан жерінде екенін және елшіліктің бұл аймақта болуына рұқсат етілмейтінін мәлімдеді.

Ресей 2011 жылы құрылысты үш жылда аяқтауға келіскен, алайда жоспарланған кешеннің аз ғана бөлігін салған болатын.

Ресей осы уақытқа дейін ғимаратқа 5.5 миллион доллар жұмсалғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар