Қоныс аударған балалардың саны 43,3 миллионға ұласты

Дүние жүзінде қоныс аударған балалардың саны 43,3 миллионға жетті.

2000007
Қоныс аударған балалардың саны 43,3 миллионға ұласты

Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) дүние жүзіндегі баспанасыз қалған балалар туралы есебін жариялады.

Есепке сәйкес, 2022 жылдың соңына қарай қоныс аударған балалардың саны 43,3 миллионға дейін өсті.

ЮНИСЕФ Атқарушы директоры Кэтрин Рассел: «Қоныс аударған балалар санының артуы бүкіл әлемде қақтығыстар, дағдарыстар және климаттың өзгеруі салдарынан болған апаттармен байланысты» деді.

Есепте қоныс аударылған балалардың көпшілігінің бүкіл балалық шағы осылай өткеніне назар аударылса  «Соңғы 10 жылда күштеп қоныс аударған балалардың саны екі есеге өсті» делінген.

Есепте  Украинадағы соғыстың 2 миллион баланы мәжбүрлеп көшіргені, 1 миллион баланың ел ішінде босқынға ұшырағаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар