Грекияда 3 күндік аза тұту жарияланды

Суға батқан қайықта қаза тапқан 79 босқын үшін  «ұлттық аза тұту» жарияланды.

2000059
Грекияда 3 күндік аза тұту жарияланды

Грекияда Пелопоннес түбегінде суға батқан  балықшы қайығында қаза тапқан 79 босқын үшін  «ұлттық аза тұту» жарияланды.

Пелопоннестегі Наварин жағалауындағы халықаралық суда болған оқиғадан кейін елде үш күндік «ұлттық аза тұту» жарияланды.

Қайғылы оқиғада қаза тапқандар үшін 14 маусым сәрсенбі күні сағат 21.00-ден 17 маусым сенбі күні сағат 21.00-ге дейін 3 күн аза тұтылады.

Ал құтқарылған 100-ден астам босқын Каламата портына жеткізіліп жатыр. Сарапшылар қаза тапқандар саны артады деп қауіптенуде.

«Alarm Phone» үкіметтік емес ұйымының хабарлауынша, Ливияның шығысындағы Тобрук аймағынан шығып, Италияға бармақ болған қайықта шамамен 700 адам болған.



Ұқсас жаңалықтар