Голландия халыққа күннен қорғайтын кремді тегін таратады

Голландиядағы мектептерде, фестивальдерде, саябақтарда, спорт залдарында және қоғамдық орындарда күннен қорғайтын крем тарату орталықтары құрылады.

1999631
Голландия халыққа күннен қорғайтын кремді тегін таратады

Голландия үкіметі өз азаматтарына күннен қорғайтын кремді тегін таратады.
Голландия үкіметі рекордтық деңгейде артып отырған тері қатерлі ісігімен күресуде жаңа бір тәртіпті жүзеге асырмақ.
Шешімге негізделгенде биылғы жазда ел көлеміндегі мектептерде, фестивальдерде, саябақтарда, спорт залдарында және қоғамдық орындарда күннен қорғайтын крем тарату орталықтары құрылады.
Аталмыш тәртіптің көмегімен әрбір адам күннен қорғайтын құралдарға қол жеткізе алуы және жоғары баға сияқты жағымсыз факторлардың әсерінде қалмауы нысанаға алынғаны білдірілді. 
Лауазымдылар аталған науқан күннен қорғайтын крем жағуды «тұрақты бір әдетке» айналдыруды үміт етіп отыр.  

Денсаулық сақтау саласындағы лауазымдылар соңғы жылдары тері қатерлі ісігінің рекордтық дәрежеде артып отырғанын хабарлаумен бірге күннен қорғайтын крем бұл аурудан ең жақсы қорғаныс екені дәлелденгенін білдірді.
 



Ұқсас жаңалықтар