Дональд Трамп Майамиде сотқа тартылды

Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Дональд Трамп «судья алдына екінші рет келген тұңғыш бұрынғы президент» ретінде тарихқа тіркелді.

1999623
Дональд Трамп Майамиде сотқа тартылды

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) бұрынғы президенті Дональд Трамп Майамидегі Федералдық сотта "мемлекеттік құпия құжаттарды жасырды" деген айыптауды қабыл алмады.

Ол кең ауқымды қауіпсіздік шараларымен барған сотта Дональд Трампқа «мемлекеттік құпия құжаттарды жасыру және осы мәселе бойынша тергеуге кедергі жасау» туралы 37 бөлек айыптау мәтіні оқылды.

Трамп айыптауларды үнсіз тыңдады, оның адвокаты Тодд В.Бланш барлық айыптауларды жоққа шығаратынын айтты.

Сот барысын бақылауға сот залына бірнеше журналист кіргізіліп, камара, фотоаппарат, ұялы телефон, компьютер сияқты дыбыс жазу құрылғыларын әкелуге рұқсат берілмеді.

Шамамен 50 минутқа созылған отырыстан кейін Дональд Трамп сыртта күтіп тұрған қолдаушыларының ұрандаулары арасында көлік қатарымен сот ғимаратынан шығып кетті.

Трамп сәуір айында Нью-Йорктегі сотқа алғаш рет штатқа негізделген қылмыстық айыптау үшін келген болатын, кеше федералдық айыптаулар бойынша «судья алдына екінші рет келген тұңғыш бұрынғы президент» ретінде тарихқа тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар