БҰҰ мекемелерінің Сирия дағдарысы ескертуі

Сирия мәселесі тақырыбында 7-ші Брюссель конференциясы өтті.

2000047
БҰҰ мекемелерінің Сирия дағдарысы ескертуі

Біріккен Ұлттар Ұйымыың (БҰҰ) 3 ұйымы Сирия соғысының адамдарға әсерінің «астрономиялық» өлшемдерге жеткенін ескертті.

Сирия мәселесі тақырыбында 7-ші Брюссель конференциясы аясында БҰҰ Гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы (OCHA), БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссарлығы (UNHCR) және БҰҰ Даму бағдарламасы (UNDP) жазбаша мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Сириядағы соғыстың Екінші дүниежүзілік соғысқа қарағанда екі есе ұзаққа созылғанына назар аударылып, Сирия халқына, босқындар және көрші елдерге қарсы «гуманитарлық шығынының астрономиялық» екені атап көрсетілді.

Елде 15 миллионнан астам адамның гуманитарлық көмек пен қорғауға мұқтаж екені атап көрсетілген мәлімдемеде, 13 миллион адамның босқынға айналғаны айтылды.

Мәлімдемеде Түркия, Мысыр, Ирак, Иордания және Ливандағы 13,5 миллион адамның ұзақ мерзімді қолдауға мұқтаж екені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Сирияға жарияланған көмек жоспарларының жеткілікті түрде қаржыландырылмағанына назар аударылып, «Жаһандық экономикалық қысымдарға қарамастан Мысыр, Иордания, Ирак, Ливан және Түркия елдері халықаралық қоғамдастық атынан үлкен ауыртпалықты мойнына алды» делінді.

Аймақтағы қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін баршаның жауапкершілік алуға тиісті екені баса айтылған мәлімдемеде «Біз донорларды қажетті ресурстарды қамтамасыз ету үшін жомарттығын жалғастыруға шақырамыз. Осылайша біз Сирияға және оны қабылдаушы елдерге көбірек қолдау көрсете аламыз» делінді.

Брюссель конференциясы ЕО-ның Сирия халқына деген адалдығы мен қолдауын қайталауды және Сирия мен көршілес елдерде тұратын сириялықтардың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін гуманитарлық және қаржылық қолдауды жұмылдыруды мақсат етеді.

Былтырғы конференцияда 6,4 миллиард еуро бөлінді.



Ұқсас жаңалықтар