Шенген визалары цифрландырылады

Жүйе ЕО шекара басқару жүйелерімен және деректер базасымен үйлесімді жұмыс істейтін болады.

1999388
Шенген визалары цифрландырылады

Еуропа Одағы (ЕО) Кеңесі мен Еуропарламент Шенген визаларын цифрландыру туралы жаңа заң жобасына келісті.

Жаңа заң күшіне енген кезде төлқұжаттарға жапсырылған визалар цифрлық форматқа өтіп, интернет арқылы 2D штрих-код ретінде беріледі.

Визаларды мобильді құрылғыларға жүктеп алуға болады. Азаматтар онлайн режимде көптеген тілде виза алуға өтініш бере алады.

Жаңа жүйеде өтініштер бір ғана интернет платформасы арқылы тіркеледі. Қажетті құжаттар осы платформа арқылы жүктеледі және виза үшін ақшаны осы жерден төлейді.

Өтініш беруші бірнеше елге баратын болса, оған өтінішті қай ел қабылдайтыны туралы хабар беріледі. Жүйе ЕО шекара басқару жүйелерімен және деректер базасымен үйлесімді жұмыс істейтін болады.

Шенген елдерінің консулдықтарына тек визаны алғаш рет алатындар, биометриялық деректері жарамсыз және төлқұжаттары жаңа азаматтар ғана  барып өтініш береді.

 

Шенген визаларын цифрландыру шығынды азайтуға және визалық өтінімдерді жылдамдатуға және жеңілдетуге бағытталған. Сонымен бірге ЕО осылайша Шенген аймағының қауіпсіздігін арттыруды да көздеп отыр.

Заң жобасы Еуропалық Кеңес пен Еуропалық Парламентте ресми түрде мақұлданып, ЕО ресми газетінде жарияланғаннан 20 күннен кейін күшіне енеді.



Ұқсас жаңалықтар