Ресей Украинамен келісімдерін бұзды

Ресей және Украина арасында Керчь бұғазын пайдалану туралы келісімнің күші жойылды.

1999359
Ресей Украинамен келісімдерін бұзды

Ресей президенті Владимир Путин елі мен Украина арасында Азов теңізі мен Керчь бұғазын пайдалану туралы келісімнің күшін жоятын заңға қол қойды.

«Ресей мемлекеттік құқықтық ақпараттық жүйесінде» Путиннің қолымен жарияланған заңға қарағанда, Украинамен Азов теңізі және Керчь бұғазын пайдалану жөніндегі ынтымақтастық келісімі тоқтатылды.

Аталмыш заң 1 маусым күні Ресей парламентінің төменгі палатасы Мемлекеттік Дума және 7 маусым күні Федерация Кеңесі тарапынан қабылданды.

Керчь қаласында Ресей мен Украина арасында 2003 жылы 24 желтоқсан күні Азов теңізі мен Керчь бұғазын пайдалану жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім жасалған болатын.



Ұқсас жаңалықтар