Францияны сел басты

Францияның астанасы Парижді қамтыған көптеген аймақта нөсерлі жаңбыр себеп болған су тасқыны жолдарды басып қалды.

1998613
Францияны сел басты

Францияның астанасы Парижді қамтыған Иль-де-Франс аймағында толассыз жауған жаңбыр су тасқынына айналды.

Әлеуметтік желідегі суреттерде кеше күшейген дауыл мен жаңбырдың әсерінен Парижде көшелер мен жолдардың су астында қалғаны білдірілді.

Сонымен бірге су тасқыны салдарынан метро тасымалында да айтарлықтай іркіліс болды.

Париждің 11, 19 және 20-шы аймақтарындағы асханалар мен дүкендер су тасқынынан қатты зардап көрген, көліктердің көпшілігі жолдарда қамалып қалған.



Ұқсас жаңалықтар