Нигериядағы шабуылда 25 кісі қаза тапты

Нигер штатындағы 5 ауылға жасалған шабуылдарда 25 адам қаза тауып, көп адам алып қашырылған.

1998391
Нигериядағы шабуылда 25 кісі қаза тапты

Нигерияның Нигер штатында қарулы адамдардың шабуылдарынан 25 адам қаза тауып, көптеген адам алып қашырылған.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауына қарағанда аты-жөні әлі анықталмаған қарулы адамдар Нигер штатындағы 5 ауылға шабуыл жасаған.

Шабуылдарда 25 адам қаза тауып, көп адам алып қашырылған.

Нигер штаты полициясының өкілі Васиу Абиодун шабуылдарды растап, аймаққа полиция және армияның ұйымдастыруымен қауіпсіздік күштерінің жіберілгенін мәлімдеді.

Нигерияда өлім жазасының берілуіне қарамай, төлем үшін адам алып қашу оқиғасы жиі кездеседі.

Елде күшейіп келе жатқан қауіпсіздік мәселесімен күрес аясында қарулы адамдарға төлем төлеуге тыйым салынды.



Ұқсас жаңалықтар