Берлускони 86 жаста қайтыс болды
Сан Раффаэле ауруханасында ем қабылдап жатқан басшының қайтыс болғаны хабарланды.
Италияның бұрынғы премьер-министрлерінің бірі және оңшыл коалиция ортағы «Forza Italia» (FI) партиясының төрағасы Сильвио Берлускони 86 жаста қайтыс болды.
Италиялық «ANSA» агенттігі 9 маусым күнінен бері Миландағы Сан Раффаэле ауруханасында ем қабылдап жатқан басшының жағдайының бүгін таңертең нашарлап, қайтыс болғаны атап көрсетілді.
Біраз уақыттан бері денсаулығына байланысты күрделі мәселелермен күрескен Берлускони 5 сәуір мен 19 мамыр күндері аралығында Сан Раффаэле ауруханасында созылмалы лейкозбен байланысты өкпе инфекциясынан 45 күн емделген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Тағы 8 палестиналық қаза тапты
Израиль армиясы Дженин қаласы мен Дженин босқындар лагеріне шабуыл жасады.
Ресей ядролық қаруды қолдану оқу-жаттығуын бастады
Ресей Қорғаныс министрлігі тақырыппен баланысты мәлімдеме жасады.