Президент Зеленский мен Канада премьер-министрі Киевте бас қосты

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Киевке барды.

1998090
Президент Зеленский мен Канада премьер-министрі Киевте бас қосты

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейге қарсы шабуыл және қорғаныс әрекеттерін жалғастырғандарын мәлімдеді.

Зеленский келіссөздер жүргізу үшін бас қала Киевке келген Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен оңаша және делегация аралық кездесу өткізді.

Кездесулердің артынан бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасаған Зеленский Трюдомен бас қосуда ортақ декларация қабылдағандарын және Украинаның НАТО мүшелігін Канаданың қолдағанын білдірді.

Соғыс кезінде Украинаның НАТО-ға мүше бола алмайтынын мәлімдеген Зеленский дегенмен Канаданың Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беретін құжаттарды дайындау үстінде екендерін атап көрсетті.

Зеленский Канада кепілдікке алған «Ан-124» жүк ұшағын Украинаға беру шешімін құптағандарын айтты.

Украина жоспарлаған қарсы шабуыл туралы сұраққа қайтарған жауабында Зеленский «Украина Ресейге қарсы шабуыл және қорғаныс шараларын жалғастыруда. Қай сатыда екенін егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын. Дегенмен мұны баршаңыз сезетін боласыз» деді.

Трюдо болса Украинаға 500 миллион долларлық жаңа әскери қолдау көрсететіндерін атап «1 миллиард доллары әскери, қазірге дейін  барлығы 8 миллиард доллардан астам көмек көрсеттік» деді.

Украин ұшқыштарды батыстық әскери ұшақтармен жаттықтыру үдерісіне Канаданың да қосылатынын атап көрсеткен Трюдо Каховка су бөгетінің бомбалануы салдарынан су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін 10 миллион доллар қаржы бөлетіндерін жариялады.



Ұқсас жаңалықтар