Орыс дипломаттарды елден шығарады

"Бөгеттің жарылуы Украинада бейбіт тұрғындарға және қоршаған ортаға ауқымды зиян келтірген соғыстың жаңа түрі деген мағынаға келеді."

1996382
Орыс дипломаттарды елден шығарады

Финляндия үкіметі Ресей елшілігінде жұмыс істейтін 9 қызметкерді елден шығаруға шешім қабылдады.

Үкімет президенттің министрлер кабинетін жинағанын білдірді. Жиналыста Ресей-Украина соғысы және Еуропадағы қауіпсіздік жағдайы қолға алынды.

Үкіметтің мәлімдемесінде былай деп айтылды: «Президент және министрлер кабинеті Каховка бөгетінің қиратылуын гуманитарлық апат және қоршаған орта апаты ретінде айыптаймыз.  Бөгеттің жарылуы Украинада бейбіт тұрғындарға және қоршаған ортаға ауқымды зиян келтірген соғыстың жаңа түрі деген мағынаға келеді.  Айырықша Ресейдің Финляндиядағы елшілігінде жұмыс істейтін орыс дипломаттарды  елден шығару тақырыбында келісімге келді.  Осы 9 кісінің әрекеттері «Дипломатиялық қатынастар жөніндегі Вена келісімін бұзады.  Сыртқы істер министрлігі де орыс елшілгіне мәлімет береді».

Финляндия Сыртқы істер министрлігі де Ресей елшілігі қызметкерінің шақырылып, өзіне Ресей елшілігіндегі 9 қызметкердің елден кетуі жөнінде мәлімет берілгенін хабарлады.  



Ұқсас жаңалықтар