Иран Сауд Арабиясындағы елшілігін қайта ашты

Ашылу салтанатына Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Али Рыза Бигдели қатысты.

1996360
Иран Сауд Арабиясындағы елшілігін қайта ашты

Иранның Сауд Арабиясындағы елшілігі жеті жылдан кейін қайта ашылды.

Бұл туралы Иран мемлекеттік теледидары хабарлады. Ашылу салтанатына Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары Али Рыза Бигдели қатысты.

Сауд Арабиясында 2016 жылдың 2 қаңтар күні арасында шиіт дін қайраткері Нимр ән-Нимр де бар 47 кісі «террор» айыптауымен дарға асылған болатын. Өлім жазасына наразылық білдірген ирандықтар Сауд Арабиясының Ирандағы елшілігі мен Мешхедтегі консулдық ғимаратын өртеген еді. Осы оқиғалардан кейін Сауд Арабиясы үкіметі 3 қаңтар күні Иранмен дипломатиялық қатынастарын үзгенін жариялаған болатын.

Екі ел басшылығы жеті жылдан кейін 10 наурыз күні Пекинде бас қосып, екі ай ішінде дипломатиялық қатынастардың қайта басталуы үшін келіскен еді.



Ұқсас жаңалықтар