Еуроодақ «Arexvy» атты вакцинаны мақұлдады

Еуроодақ респираторлық синцитиальды вирусқа қарсы «Arexvy» атты алғашқы вакцинаны мақұлдады.

1996223
Еуроодақ «Arexvy» атты вакцинаны мақұлдады

Еуропалық Одақ (ЕО) респираторлық синцитиальды вирустан (RSV) жұғатын ауруға қарсы жасалған «Arexvy» атты алғашқы вакцинаны мақұлдады.

Еуропалық Одақ Комиссиясы жасаған мәлімдемеде 60 жастан асқан адамдарды респираторлық синцитиальды вирус тудырған төменгі тыныс жолдары ауруларынан қорғау үшін әзірленген вакцинаны мақұлдау өткен қыста респираторлық синцитиальды вирус инфекцияларының артқанын ескергенде маңызды екенді білдірілді.

Ұлыбритания "GSK" фармацевтикалық компаниясы әзірлеген вакцинаны Еуроодақтың барлық елдерінде қолдануға болады.

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы 3 мамырда әлемдегі респираторлық синцитиальды вирус жұқтыратын ауруға қарсы жасалған «Arexvy» атты алғашқы вакцинаны қолдануды мақұлдады.

«Arexvy» атты вакцинаның шамамен 12 мың 500 адам қатысқан клиникалық зерттеулерде аурудың асқыну қаупін 82.6 пайыз төмендеткені және аурудың шиеленісуіне қарсы 94.1 пайыз тиімді екені хабарланды.

Респираторлық синцитиальды вирус барлық жас топтарында өкпе мен тыныс алу жолдарында инфекцияларды тудыратын жұқпалы вирус ретінде белгілі.

Еуропада жыл сайын респираторлық синцитиальды вирус салдарынан шамамен 250 мың адам ауруханаға жатқан, ал 65 және одан жоғары жастағы шамамен 17 мың адам ауруханаларда қайтыс болған.



Ұқсас жаңалықтар