Францияда зейнет жасы реформасына наразылықтар артты

Парижде өткен наразылық шеруінде бір полиция жараланып, 28 адам тергеуге алынды.

1996373
Францияда зейнет жасы реформасына наразылықтар артты

Францияның бас қаласы Парижде зейнетке шығу жасы реформасына қарсы жасалған шеруде бір полиция қызметкері жараланып, 28 адам тергеуге алынды.

Елде зейнет жасын 64-ке көтеруді қамтитын зейнетке шығу жасы реформасына наразылық үшін білім беру және көлік сияқты әртүрлі сала өкілдері шеруге шыққанда Париж, Марсель, Лилль және Ренн сияқты қалаларда 14-ші рет жаппай шерулер өткізілді.

Париждегі «Мүгедектер алаңында» жиналған демонстранттар «Италия алаңына» қарай шеруге шықты.

Бас қаладағы шеру кезінде кейбір демонстранттар мен полиция арасында шиеленіскен сәттер болды.

Наразылық білдірушілер бағдаршамдар мен қоқыс жәшіктерін өртеп, аялдамалардың терезелерін сындырып, полицияға бөтен заттарды лақтырды.

Полиция демонстранттарға қарсы көз жасаурататын газ қолданды.

Жалпы жұмысшылар кәсіподағы ел көлемінде 250-ден астам жерде ұйымдастырылған шерулерге барлығы 900 мың адамның қатысқанын хабарлады.

Француз баспасөзінің ресми дереккөздерге сүйенген деректерге қарағанда елдегі шерулерге 281 мың адам қатысып, Париждегі шеруде 28 адам тергеуге алынды. Бас қаладағы шеруде бір полицей жараланды.

Зейнетке шығу жасы реформасына наразылық ретінде Жалпы жұмысшылар кәсіподағы энергетикалық бөлімшесі азанғы уақытта «Canal+», «Eurosport», «RFI» радиосы сияқты бұқаралық ақпарат құралдарына қоса әртүрлі компаниялардың электр қуатын ажыратқан болатын. Хаут-де-Сен уәлаятында көптеген қала электр қуатының үзілуінен зардап шекті.



Ұқсас жаңалықтар