Косово премьер-министрі "Жаһандық қауіпсіздік форумына" қатысты

Косово премьер-министрі Альбин Курти еліндегі шиеленісті тоқтату мәселесіне тоқталды.

1994021
Косово премьер-министрі "Жаһандық қауіпсіздік форумына" қатысты

Косово премьер-министрі Альбин Курти елінің солтүстігіндегі шиеленісті тоқтату үшін екі негізгі бағытқа қажеттілік бар екенін мәлімдеді.

Курти Словакияның бас қаласы Братиславада өткен "Братислава жаһандық қауіпсіздік форумы" аясында «Косованың болашағы» тақырыпты панельде баяндама жасады.

Курти Сербиямен 18 наурыз күні Еуроодақтың (ЕО) дәнекерлігімен Солтүстік Македонияның Охрид қаласында қол қойылған келісімге Белград әкімшілігінің бағынбағаны осы себептен елдің солтүстігінде жағдайдың шиеленіске айналғанын мәлімдеді.

Косово полициясының міндетін атқарғанын атап көрсеткен Курти ЕО пен АҚШ жаттықтырған Косово полициясының адам құқықтарын өте жақсы білгенін және Косово қауіпсіздік күштерінің ешкімге зорлық-зомбылық көрсетпегенін білдірді.

Зорлық-зомбылық әрекеттеріне барған сербтердің болса Ресейдің Украинаға шабуылында үгіт-насихат элементі ретінде пайдаланған «Z» әрпін дуалдарға жазғанын айтқан Курти Сербиядан келген полиция мен жандармерияның болса «зорлық-зомбылық жасаған бандалар» қатарында орын алғанын алға тартты.

Еуроодақтың Сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель және ЕО-тың Белград-Приштина келіссөзі бойынша арнайы өкілі Мирослав Лайчакпен бас қосқандарын атап көрсеткен Курти «Егер сайлау алдында бейбіт шеру өткізсе, мұны түсіністікпен қарсы алар едім, бірақ полиция мен әскерге шабуылдаған, граната лақтырған, «Z» әрпін қолданатын бандалар серб тілде ‘өлтіріңдер, өлтіріңдер’ деп айқайлаған бұл фашист бандаларға демократиялық республикамыз берілмейді» деді.

Курти Еуроодақ құндылықтары болмай екі жақты келіссөздер немесе тату көршілік қарым-қатынастар орнату мүмкін емес екенін алға тартып, Балқанда тұратын сербтердің сөз бостандығы тұрғысынан проблемалары болғанын, серб тарапының «бір мемлекет, бір партия, бір көшбасшы және бір дін түсінігімен қозғалғанын», Косовода тұратын сербтердің осы елдің бір бөлігі болғысы келсе де, Белград әкімшілігінің осыған рұқсат бермегенін баса айтты.

Косоводағы сербтердің қоғамның 4 пайызын құрағанын және бұл азшылықтың өз тілектерін ашық айта алмайтынын білдірген Курти елдегі басқа этникалық топтардың көптеген саяси партиялары бар екенін айтты, бірақ Белград әкімшілігі мұнда сербтерге тек бір партия бойынша қозғалуға рұқсат бергенін алға тартты.

Қазіргі шиеленістен шығу үшін тырысқандарын атап көрсеткен Курти екі негізгі бағытпен қозғалу керектігін атап, «Солтүстіктегі бұл шеңберден шығу қажет. Бірінші бағыт құқықтың үстемдігі. Бұл бандалардың не Сербияға оралуы не болмаса Косоводағы түрмеге отырғызылуы керек. Кейін муниципалдық ғимараттардағы полиция күшін азайтып, жағдайды қалпына келтіруге болады. Екінші іргелі мәселе болса, біз қол жеткізген келісім кез-келген алғы шартсыз және тезірек кешіктірмей орындалу керек» деді.

ЕО және АҚШ басшылығында Сербия президенті Александр Вучичпен диалогқа дайын болып болмағаны жөніндегі сұраққа Курти Вучичпен кездесуге дайын екенін, өйткені қол жеткізілген келісім орындалған жағдайда, барлық тараптардың пайда көретінін атап көрсетті.

Косовоның солтүстігінде сербтер шоғырланған Звечан, Зубин Поток және Лепосавич муниципалитеттерінде 23 сәуір күні өткен жергілікті сайлауда жеңіске жеткен албан мэрлерінің сайлануына косоволық сербтер 26 мамыр күні наразылық көрсеткен болатын.

Албан әкімдерді қорғау үшін аймаққа жіберілген Косово полициясы мен косоволық сербтер арасында қақтығыс шыққан болатын.



Ұқсас жаңалықтар