Балалар күнінде екі бала қаза тапты

Орыс армиясы Киевке шабуылдады.

1993778
Балалар күнінде екі бала қаза тапты

Ресей армиясының кеше Украинаның астанасы Киевке жасаған әуе шабуылында 2-і бала, барлығы 3 адам қаза тауып, 10 адам жараланды.

Киев қалалық әскери басқармасының басшысы Сергей Попко әлеуметтік желі арқылы мәлімдеме жасап, орыс армиясының 1 маусым Дүниежүзілік балаларды қорғау күні түнде Киевке шабуыл жасап, балаларды өлтіргенін айтты.

Ресейдің шабуылда қанатты және баллистикалық зымырандар қолданғанын атап көрсеткен Попко “Анықталған барлық әуе нысандары қорғаныс құралдары арқылы жойылды» деді.

Попко зымыран сынықтарының адамдарға зиян келтіргенін білдірді.

“Бас қаланың Десна ауданындағы емхана мен оның жанындағы көпқабатты үйге зымыран қалдықтары келіп құлады. Оның салдарынан 3 адам қаза тауып, 10-ға жуық адам жарақат алды. Ең сорақысы: қаза тапқандар арасында 2 бала бар” деді ол.

Попко Днепр ауданындағы бір үйге зақым келгенін, көліктердің өртенгенін хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар