Косово премьер-министрі тыныштық жайлы үн қатты

Косово премьер-министрі Альбин Курти мақсатының аймақтағы жағдайды тыныштандыру екенін айтты.

1993279
Косово премьер-министрі тыныштық жайлы үн қатты

Косово премьер-министрі Альбин Курти елдің солтүстігіндегі шиеленісті жағдайды жеңілдету үшін халықаралық серіктестермен қарым-қатынасты күшейтіп жатқандарын және мақсатының аймақтағы жағдайды тыныштандыру екенін айтты.

Курди «Соңғы кезде біздің органдарымыз халықаралық серіктестермен байланысты одан әрі арттырды, өйткені жағдайды жеңілдету сынды  ортақ мақсатымыз бар» деді.  

Жаңа әкімдерге толық және үздіксіз қолдау көрсететінін білдірген Курти «Демократияны тоқтатуға немесе кепілге алуға болмайды. Оны атқару бейбітшілік пен қауіпсіздіктің кепілі болып табылады. Косово Республикасы--Батыс Балқандағы ең демократиялық мемлекет» деген сөздер қолданды

Солтүстіктегі халықты зорлық-зомбылық салдарынан  наразылық білдіруге итермелейтін белгілі адамдардың бар екеніне назар аударған Курти наразылықтардың үкіметке бағытталғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар