Блинкен Түркияға сатылатын F-16 ұшақтары туралы мәлімдеді

Блинкен: "Түркияға F-16 сату мәселесі Швецияның НАТО-ға мүшелік процесімен байланысты емес"

1993256
Блинкен Түркияға сатылатын F-16  ұшақтары туралы мәлімдеді

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Байден әкімшілігінің Түркияға F-16 әскери ұшағын сату мәселесін Швецияның НАТО-ға мүшелік процесімен байланыстырмағанын атап көрсетті.

Блинкен Швецияның Лулеа қаласында Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссонмен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасады.

Блинкен Швецияның НАТО-ға мүшелігіне қатысты қойылған бір сұраққа «НATO-ға қосылу - бұл процесс. Осы процесс барысында Одақ мүшелері өздерін толғандыратын мәселелерді көтере алады. Әрине Түркия мұны соңғы бірнеше айда жасады» деп жауап қайтарды.

Блинкен Швеция мен Финляндияның Түркияның уайымдарын жою үшін назар аударарлықтай қадамдар басқанын атап «Одақтың мүшелерінің барлығын кейбір (қауіпсіздік) мәселелерге жұмылдыруы Түркияның жетістігі деп ойлаймын. Дегенмен осы уайымдарды жою үшін нақты қадамдар басылғаны да Швеция мен Финляндияның жетістігі деп есептейміз» деді.

АҚШ-тың Түркияға F-16 саудасы «Швецияның НАТО мүшелігін бекітуімен байланысты» деген уәждерге қатысты Блинкен екеуінің де бөлек тақырыптар екенін білдірді.

Блинкен Джо Байден әкімшілігінің Түркияға F-16 ұшақтарын сату тақырыбын Швецияның НАТО-ға мүшелігімен байланыстырмағанын, бұл сауданың АҚШ-тың мүддесіне екенін, бірақ екі мәселенің де тез арада ілгерілеу керектігін тілге тиек етті.

Швеция премьер-министрі Кристерссон болса Швецияның НАТО-ға мүшелік процесіне қолдауы үшін АҚШ-қа алғысын айтты.

Кристерссон қойылған бір сұраққа қайтарған жауабында Түркиямен НАТО мүшелігі тақырыбында қарым-қатынастың жалғасып жатқанын және Түркия, Швеция және Финляндия арасындағы үштік меморандум талаптарының елі тарапынан орындағанын мәлімдеді.

Кристерссон Түркияның шешіміне құрметпен қарағандарын атап, «Енді олардың шешімін күтеміз» деді.

Екінші жағынан Ақ үй баспасөз хатшысы Карине Жан-Пьер күнделікті баспасөз мәслихатында АҚШ президенті Байденнің Түркияға F-16 ұшақтарын сатуды көптен бері  қолдағанын атап, Швецияның НАТО-ға мүшелігінің мұның шарты емес екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар