Сербиядағы кейбір мектептерге бомба хабарламасы келіп түсті

Сербияда бомба хабарламасынан кейін кейбір мектептер эвакуацияланды.

1992545
Сербиядағы кейбір мектептерге бомба хабарламасы келіп түсті

Сербия Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеде елдің түкпір-түкпіріндегі кейбір мектептердің электрондық пошталарына мектептерге жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама жіберілгені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде мектептердің эвакуацияланғаны және бомба хабарламасының жалған екендігінің тексерілетіні айтылды.

Мектептерге бағыттап бұған дейін жасалған бомба хабарламасының негізсіз екеніне назар аударылған мәлімдемеде «Естеріңізге сала кетейік,

8 мамыр күнінен бастап Сербиядағы барлық бастауыш және орта мектептер және сондай-ақ мектеп округтерінде қорғаныс шараларын қабылдаған полиция қызметкерлерінің санының арттырылғанын еске саламыз.

Полиция қызметкерлері барлық азаматтардың қауіпсіздігі мен қорғанысы үшін  күніне жұмыс істеуде.

Белград қаласындағы Владислав Рибникар бастауыш мектебінде 14 жасар К.К. 3 мамыр күні қарауыл мен студенттерге оқ жаудырған болатын. Шабуылда 9 бала, барлығы 10 адам қаза тауып, 5 бала барлығы 6 адам жараланған еді.

14 жасар баланың шабуылды бір ай бойы жоспарлағаны және киімінен шабуыл жасаған студенттердің тізімі мен мектептің сызылған жоспарының табылғаны білдірілді.

Шабуылдан кейін Сербияда әр мектепке екі полиция қызметкері орналастырылды.

Елордадағы мектепке шабуылдан екі күннен кейін 21 жастағы У.Б. Младенвацтың Дубона ауылында қозғалыстағы көліктен автоматпен кездейсоқ оқ жаудырып, 8 адамды өлтірді.

Сербияда 18 адам қаза тапқан екі қарулы шабуылдан кейін ел көлемінде аза тұту жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар