Италияда бір туристік қайық суға батып кетті

Италияның солтүстігіндегі Маджоре көлінде туристік қайықтың суға батып кетуі салдарынан 4 адам қаза тапты.

1992551
Италияда бір туристік қайық суға батып кетті

Италияның «ANSA» агенттігінің хабарына қарағанда, елдің солтүстігіндегі Сесто Календа мен Арона қалаларының арасындағы үлкен көлдердің бірі Маджореде қолайсыз ауа райы жағдайлары салдарынан туристік  қайық аударылды.

Оқиғада қаза тапқан 4 адамның мәйіті қауіпсіздік күштері тарапынан  көлден шығарылды.

Қайықта жолаушылар мен экипажды қосқанда 24 адамның болғаны, 20 адамның айналадағы қайықтар тарапынан құтқарылғаны немесе жағаға жүзіп шыққаны айтылды.



Ұқсас жаңалықтар