Попокатепетль жанартауы күл шаша бастады

Пуэбла және Атликко қалаларында кейбір жұмыс орындары жабылды, күнделікті өмірге нашар әсер етті.

1990781
Попокатепетль жанартауы күл шаша бастады

Соңғы кездері Мексикада қозғала бастаған Попокатепетль жанартауындағы жарылыстар нәтижесінде жанартау кратерінен шыққан күл төңіректегі көптеген уәлаятта күл жаңбырына себеп болды.

Жанартаудың шығысында орналасқан Пуэбла уәлаяты күл жаңбыры ең көп әсер еткен аймақтардың қатарында болғанымен, уәлаят орталығы Пуэбла және Атликко қалаларында қатты желдің салдарынан шаң тозаң дауылға айналды.

Бұл қалаларда кейбір жұмыс орындары жабылды, күнделікті өмірге нашар әсер етті.

Жанартаудың айналасындағы көптеген уәлаяттарда күлдің шашырауы мектептердің демалысы мен рейстерді кейінге қалдыру сияқты шараларға себеп болды. Аймақты күл басып қалса, билік жанартау күлінің денсаулыққа зиян екеніне назар аударып, азаматтарға бетперде мен көзілдірік киіп, өздерін қорғауды ұсыныс етті.

Бір жылдан астам уақыттан бері қозғалысы артқан Попокатепетль жанартауында соңғы кездерде күн сайын жарылыстар болып жатыр.



Ұқсас жаңалықтар