Ауғанстанда су тасқынынан 13 кісі мерт болды

Ауғанстанды су тасқынында 3000 гектардан астам ауыл шаруашылық жері мен 56 үйдің зақымдалғаны білдірілді.

1991336
Ауғанстанда су тасқынынан 13 кісі мерт болды

Ауғанстанның әртүрлі уәлаяттарында соңғы күндері толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқынында 13 адам қаза тауып, 8 адам жарақат алды.

Талибан Уақытша үкіметінің табиғи апаттар жөніндегі мемлекеттік министрлігінің баспасөз хатшысы Шафиулла Рахими тақырыпқа байланысты баспасөзге мәлімдеме жасады.

Рахими су тасқыны мен селдің Лагман, Пактия, Дайкунди, Хост, Нангерхар, Мейдан Вардак, Кандагар, Баглан және Гор уәлаяттарында ықпалы күшті болғанын айтты.

13 адамның қаза болғанын, 8 адамның жараланғанын айтқан Рахими кейбір аймақтарда жолдар мен су арналарының қирағанын білдірді.

Рахими 3000 гектардан астам ауылшаруашылық жері мен 56 үйдің де зақымдалғанын атап өтті.

Ауғанстанда ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан қақтығыс ортасына байланысты бүкіл ел бойынша инфрақұрылымдың жаңаланбауы табиғи оқиғалардың әсерін күшейтуде және адам шығыны да артуда.

Соңғы жылдардағы ең қатал қыстан аман шыққан Ауғанстанда 180-ге жуық адам қаза тапты.

Сонымен бірге жаз айлары жақындаған сайын солтүстіктегі және ішкі аймақтағы биік тауларда еріген қар жауын-шашынмен қосылып, сел мен су тасқынына себеп болуда.



Ұқсас жаңалықтар