10 түрік депутат болып сайланды

27 түрік текті үміткер бақ сынаған еді.

1989019
10 түрік депутат болып сайланды

Германияның Бремен уәлаятында 14 мамырда өткен сайлауда түрік текті 10 азамат депутат болып сайланды.

Жарияланған уақытша нәтижелерге сәйкес, Социал-демократиялық партиядан (SPD) Мұстафа Гүнгор, Мехмет Али Сейрек, Режаи Айташ, Медине Йылдыз және Селин Эже Арпаз, Христиан-Демократиялық Одақ партиясынан  Огузжан Языжы, Жасылдар партиясынан Сүлмез Чолак, Сол партиядан Жинди Тунджел мен Мухлис Кожаоғлу, Ашулы азамат (BIW) партиясынан Мелтем Сагыроғлу депутат болып сайланды.

Сәйкесінше бұрынғы заң шығару кезеңінде уәлаятта 6 болған түрік текті саясаткер саны 10-ға жетті.

Бремен уәлаят үкіметі құрылғаннан кейін сенатор лауазымына тағайындалатын депутаттар заң шығарушы органынан кетуі керек. Осыдан кейін түрік текті өкілдердің қатары көбеюі мүмкін, өйткені мәжіліске резервтен өтуге мүмкіндік туады.

14 мамырда өткен сайлауда түрік текті 27 бақ сынады.



Ұқсас жаңалықтар