Конгода қақтығыстарда 530 адам қаза тапты

1 миллин адам босқынға айналды.

1988083
Конгода қақтығыстарда 530 адам қаза тапты

Конго Демократиялық Республикасының (КДР) шығысында қауіпсіздік күштері мен бүлікші топтар арасында жалғасып жатқан қақтығыстарда соңғы 2 айда 530 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақтандыру Миссиясының (MONUSCO) Конгодағы Итури кеңсесінің директоры Марк Карна шығыс Итури уәлаятындағы бүлікші топтардың соңғы уақытта шабуылдарын арттырғанын айтты. Карна соңғы екі айда Итуридегі шабуылдарда 530 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын және кемінде 1 миллион адамның босқынға айналғанын білдірді.

2014 жылдан бері елдің шығысында әрекет ететін бүлікші топтардың шабуылдарынан мыңдаған бейбіт тұрғын қаза тапты деген болжам бар.

Руанда, Уганда және Бурундимен шекаралас жатқан КДР-ның шығысы 20 жылдан астам алтын және кобальт сияқты кен орындарын бақылауға тырысқан қарулы топтардың шабуылдары мен қақтығыстарының сахнасы болып отыр.



Ұқсас жаңалықтар