Орыс хакер туралы ақпарат үшін сыйақы төленеді

Матвеев АҚШ-тың санкция тізімінде тұр.

1987415
Орыс хакер туралы ақпарат үшін сыйақы төленеді

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Мемлекеттік департаменті Ресей азаматы Михаил Павлович Матвеевтің көптеген хакерлік әрекеттерде рөл атқарғаны үшін ұсталуы мақсатымен ақпарат бергендерге 10 миллион долларға дейін сыйақы берілетінін хабарлады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Мэтт Миллер жазбаша мәлімдемесінде «Ресей киберқылмыскерлер үшін қауіпсіз баспана болып табылады және Америка Құрама Штаттарына, оның серіктестері мен одақтастарына қарсы зиянды кибер операцияларды еркін жүргізетін ортаны қамтамасыз етеді» деді.

Миллер Мемлекеттік департаменттің халықаралық ұйымдасқан қылмыс бойынша сыйақы бағдарламасы аясында Ресей азаматы Михаил Павлович Матвеевті халықаралық ұйымдасқан қылмыс аясында ұстау және сотталуын қамдайтын ақпарат бергендерге 10 миллион долларға дейін сыйақы ұсынылатынын атап өтті.

Әділет министрлігінің Вашингтон және Нью-Джерси штаттарындағы екі сотқа Матвеевке қарсы шағым түскенін білдірген Миллер орыс хакердің АҚШ Қаржы министрлігінің санкциялар тізіміне де енгізілгенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар