Эфиопияда су тасқынынан 45 кісі мерт болды

Сомали аймағындағы су тасқыны салдарынан да 45 адам қаза тапты.

1987294
Эфиопияда су тасқынынан 45 кісі мерт болды

Эфиопияда 12 мамырдан бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқынынан 45 адам қаза тапты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Гуманитарлық істерді үйлестіру кеңсесінің жазбаша мәлімдемесіне қарағанда Эфиопиядағы су тасқыны көптеген адамның қазасына себеп болғаны және қаржылық шығынға ұшыратқаны білдірілді.

Сомали аймағындағы су тасқыны салдарынан да 45 адам қаза тапты.

Толассыз жауған жаңбыр салдарынан 35 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр қалды, 99 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптары да зақымдалды.

Су тасқыны салдарынан аймақта тырысқақ сияқты індеттердің өршуі мүмкін екені ескертілді.

Эфиопия үкіметі мен гуманитарлық ұйымдар апаттан зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек көрсетуде, алайда көмек жеткіліксіз болуда.



Ұқсас жаңалықтар