Израильде халық қайтадан шеруге шықты

Нетаньяху үкіметінің дау-дамайлы "сот реформасына" қарсы наразылықтар жалғасуда.

1986137
Израильде халық қайтадан шеруге шықты

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху үкіметінің дау-дамайлы "сот реформасына" қарсы наразылықтар 19-шы аптасында жалғасты.

Бұрын жүзмыңдаған адамның қатысуымен ұйымдастырылған наразылық шерулері Газа секторына жасалған шабуылдардан туындаған қауіпсіздік шаралары себепті ең аз қатысумен өтті.

Тель-Авивте мыңдаған шеруші «Каплан» көшесіндегі үкімет кешенінің алдына жиналды.

Шерушілер Нетаньяху үкіметін отставкаға кетуге шақырды.

Иерусалимнің батысында жүздеген демонстрант "сот реформасына" наразылық білдіру үшін Президенттің резиденциясы алдында жиналды.

Израильде 5 қаңтар күні жарияланған «сот реформасының» құрамында Жоғарғы соттың өкілеттіктерін шектейтін және сотты тағайындауда биліктің рөл атқаруын қамтитын өзгерістер орын алады.

Премьер-министр Нетаньяху 27 наурыз күні бүкіл елде жаппай наразылықтар мен ереуілдер тудырған "сот реформасын" кейінге қалдыруға мәжбүр болды.

Үкімет кейінге қалдырған заңдық реттеуді Парламент жұмыс істей бастаған кезде қайтадан парламентке әкеледі деп күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар