АҚШ мен Қытай арасында жоғары деңгейдегі кездесу болды

АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік ақылшысы Джейк Салливан мен Қытай Коммунистік партиясы  Орталық сыртқы байланыстар комиссиясы кеңсесінің директоры Ван И кездесті.

1985560
АҚШ мен Қытай арасында жоғары деңгейдегі кездесу болды

АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік ақылшысы Джейк Салливан Австрияның Вена қаласында Қытайдың ең жоғары лауазымды дипломаты, Қытай Коммунистік партиясы  Орталық сыртқы байланыстар комиссиясы кеңсесінің директоры Ван Имен кездесті.

Ақ Үй мен Қытайдан жасалған жазбаша мәлімдемелерде кездесудің 10-11 мамыр күндері өткені хабарланды.

Кездесу ақпан айында Қытайдың әуе шарының АҚШ әуе кеңістігіне кіруінен туындаған дағдарыс және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің Қытайға жоспарланған сапарын тоқтатқаннан кейінгі Вашингтон мен Бейжің арасындағы дипломатиялық байланыстың ең жоғары деңгейдегі кездесу болды.

Ақ Үйден жасалған  мәлімдемеға қарағанда  тараптар АҚШ-Қытай екі жақты қарым-қатынастарындағы маңызды тақырыптарды, сондай-ақ жаһандық және аймақтық қауіпсіздік мәселелерді, Ресей-Украина соғысы және Тайвань бұғазының екі жағының қарым-қатынасы сияқты маңызды мәселелерді қолға алды.


Этикеттер: #Ван И , #Ақ Үй , #Қытай , #АҚШ

Ұқсас жаңалықтар