Тунистегі қарулы шабуылда 3 адам қаза тапты

Тунис Ішкі істер министрлігі Джерба ​​аралындағы шабуылға байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

1984545
Тунистегі қарулы шабуылда 3 адам қаза тапты

Тунистің Джерба ​​аралындағы Гарибе синагогасына жасалған қарулы шабуылда 3 адам қаза тауып, 9 адам жараланды.

Тунис Ішкі істер министрлігі Джерба ​​аралындағы шабуылға байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Шабуыл жасаушының күзетші екені айтылған мәлімдемеде «Шабуыл жасаушы оқ-дәрі алу үшін қызметтесін өлтіргеннен кейін Гарибе синагогасына жетуге тырысты. Осы кезде  қауіпсіздік күштерінің араласуы нәтижесінде туындаған қақтығыста 3 адам қаза тапты» деген сөздер қолданды.

Полициямен қақтығысқан шабуылшының қаза тапқаны хабарланған мәлімдемеде жараланған 9 адамның жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілгені атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар