Үндістанда туристік қайық аударылды

Үндістанның оңтүстігіндегі Керала уәлаятында туристік қайық аударылып, кем дегенде 21 адам қаза тапты.

1983697
Үндістанда туристік қайық аударылды

Малаппурам ауданы полициясы бастығының орынбасары Абдул Назардың айтуынша, екі қабатты қайықтың аударылуына адамдардың көптігі себеп болған.

Қайық жексенбіге қараған түні аударылып, оның сыйымдылығын екі есе арттырған кезде шамамен 50 адам болғаны хабарланды.

Аман қалғандар жергілікті БАҚ-қа оқиға кезінде жолаушылардың көпшілігі құтқару кеудешелерін кимегенін айтты.

Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди Twitter-де көңіл айтып, «адамдардың қазасына қайғыратынын» айтты.



Ұқсас жаңалықтар