АҚШ-та көлік апатында 7 кісі қаза тапты

"SUV" типті бір көліктің автобус аялдамасында көлік күтіп тұрған тұрақсыз мигранттарға соғуы салдарынан 7 адам қаза тапқан, 6 адам жарақаттанған.

1983855
АҚШ-та көлік апатында 7 кісі қаза тапты

АҚШ-тың Техас штатында "SUV" типті бір көліктің автобус аялдамасында көлік күтіп тұрған тұрақсыз иммигранттарға соғысуы салдарынан 7 адам қаза тапты.

Браунсвилл полиция инспекторы Мартин Сандовал оқиға орнында жасаған мәлімдемесінде "SUV" типті бір көліктің автобус аялдамасында көлік күтіп тұрған тұрақсыз мигранттарға соғысуы салдарынан 7 адамның қаза тапқанын және 6 адамның жарақат алғанын айтты.

Сандовал апаттың нақты себебі белгісіз болғанымен, қамауға алынған жүргізуші көлігін әдейі аялдамаға қарай жүргізгені жайлы болжам бар екенін білдірді.

Көлік қағып кеткен адамдардың негізінен Венесуэладан келген және Америка шекарасынан кірген  заңсыз иммигранттар екені атап өтілді.



Ұқсас жаңалықтар