Германиядағы өртте екі адам қаза тапты

Германияның Фленсбург қаласындағы ғимаратта өрт шығып, екі адам қаза тапты.

1982947
Германиядағы өртте екі адам қаза тапты

Германияның солтүстігіндегі Шлезвиг-Хоштейндегі аймағының Фленсбург қаласындағы ғимаратта өрт шығып, екі адам қаза тапты.

Фленсбург полиция басқармасынан жасалған мәлімдемеде марқұмның кім екені туралы әзірге ақпарат берілмегені, өртте көптеген адамның жарақат алғаны атап көрсетілді.

Германияның «DPA» ақпарат агенттігі болса, жарақат алғандардың санын 9 деп жариялады.

Хабарда билік тұрғындардан есік-терезелерін, желдеткіш пен кондиционерлерді өшіруді сұрағаны жазылған.

Өрт салдарынан құлау қаупі төніп тұрған ғимаратта 40 адамның тұрғаны, себебі әзірге белгісіз екені айтылды.



Ұқсас жаңалықтар