Фуэго жанартауы күл шаша бастады

Орталық Американың 3763 метр биіктіктегі ең белсенді жанартауларының бірі Фуэго қайта жандана бастағаны, ыстық күл бұлттарын шашқаны хабарланды.

1983055
Фуэго жанартауы күл шаша бастады

Гватемаладағы Фуэго жанартауының қозғалуына байланысты аймақтағы мың 54 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Ұлттық Апаттың алдын алу үйлестіру агенттігінен жасалған мәлімдемеде Орталық Американың 3763 метр биіктіктегі ең белсенді жанартауларының бірі Фуэго қайта жандана бастағаны, ыстық күл бұлттарын шашқаны хабарланды.

Мәлімдемеде ыстық күл бұлттарының аймақтағы 100 мың адамға әсер етуі мүмкін екені атап көрсетілді.

Азаматтық қорғаныс өкілі Оскар Коссио да жанартау маңындағы 5 елді мекеннен мың 54 адамның эвакуацияланып, уақытша баспана орталықтарына жеткізілгенін атап өтті.

2018 жылы Фуэго жанартауының атқылауы салдарынан 194 адам қаза тауып, 234 адам із-түзсіз жоғалып кеткені жарияланған болатын.



Ұқсас жаңалықтар