Нигерияда менингит індетінен 124 кісі мерт болды

Нигерияда менингит індетіне шалдыққандар саны 532 кісіге және қайтыс болғандар саны 124 адамға көбейгені хабарланды.

1981813
Нигерияда менингит індетінен 124 кісі мерт болды

Биыл Нигерияда менингит індетінен көз жұмғандар саны 124 адамға жетті.

Нигерия Ауруларды бақылау орталығы жасаған мәлімдемеде соңғы аптада 297 менингит оқиғасы анықталып, эпидемия салдарынан 6 адамның қайтыс болғаны білдірілді.

Қаңтар айынан бері 22 штатқа, сондай-ақ елдің астанасы Абуджаға тараған індетке шалдыққандар саны 532 кісіге жеткені және індет салдарынан қайтыс болғандар санының 124 адамға көбейгені хабарланды. 

Нигерия үкіметі 2030 жылға дейін ауруды жеңу жөніндегі жаһандық нысанаға тәуелді болатындарын мәлімдеді.

Мидан бастап бүкіл ағзаны зақымдайтын менингит ауа арқылы жұғуы мүмкін.



Ұқсас жаңалықтар