БҰҰ үнсіз қалмайды

БҰҰ қызметкерлеріне келтірілген тыйымның адам құқықтарын бұзу екенін атап көрсетті.

1982160
БҰҰ үнсіз қалмайды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ-ның Ауғанстандағы әйелдерге және қыз балаларға бағытталған жүйелі тыйымдарына үнсіз қалмайтынын айтты.

БҰҰ Бас хатшысы Катардың бас қаласы Дохада Ауғанстанға байланысты жиналыстан кейін баспасөз мәслихатын өткізді.  Ол Ауғанстанның жағдайына байланысты уайымдарының артқанын білдірді. гутерриш Талибанның әйел қызметкерлерге қарсы шектемесіне қарамастан БҰҰ –ның миллиондаған ауғанға көмек жеткізу үшін Ауғанстанда қалатынын айтты. Бірақ БҰҰ-ның Ауғанстан қорының азайғанын тілге тиек еткен Бас хатшы биыл қаржы көмегін беруге уәде бергендердің орындамағанын айтты.

Ауғанстанда әлемдегі ең үлкен гуманитарлық дағдарыс болып жатқанын және елдің болашағына уайымдайтындарын атап көрсеткен Гутерриш Ауғанстан үшін жиналыс өткізуді жалғастыратындарын айтты. «БҰҰ Ауғанстандағы әйелдер мен қыз балалардың құқықтарын аяққа таптауға үнсіз қалмайды» деді ол. Ол БҰҰ қызметкерлеріне келтірілген тыйымның адам құқықтарын бұзу екенін атап көрсетті. Бас хатшы Талибан басшыларымен кездесуге дайын екенін, алайда бүгін «дұрыс уақыт еместігін» айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар