Израиль әскерлері бір палестиналықты жаралады

Әл-Халил қаласында бір палестиналықты шын оқпен жаралады.

1981631
Израиль әскерлері бір палестиналықты жаралады

Женин қаласының оңтүстігіндегі Силет-ед-Дахир ауданы тұрғыны жаралының денсаулығының бір қалыпты екені хабарланды.

Аймақтағы куәгерлер шабуылдың Хумеш әл-Михлах еврей қонысынан келген бір топ қоныстанушы тарапынан жасалғанын және қоныс аударушылардың бірінің Силет-ед-Дахир ауданындағы палестиналықтардың үйлеріне оқ жаудырғанын хабарлады.

Еврей қоныстанушылар Израиль басқыншылығы астындағы Шерияның батысындағы Силет-ед-Дахир қаласына жасаған шабуылында бір палестиналықты жаралады.

Аймақтағы Бурка және Силет-ед-Дахир аудандары Израиль армиясы мен еврей қоныстанушылардың шабуылына жиі ұшырайды.

Израиль әскерлері басып алынған Шерияның батысындағы Әл-Халил қаласында бір палестиналықты шын оқпен жаралады.

Куәгерлердің айтуынша, Әл-Халилдің солтүстігіндегі Әл-Арруб Босқындар лагерінің кіреберісінде палестиналықтар мен Израиль әскерлері арасында оқиға болған.

Израиль күштерінің палестиналықтарға қарсы шын және металл оқтар мен көз жасаурататын газ қолданғаны атап көрсетілді.

Палестина денсаулық сақтау министрлігі лауазымдыларынан алынған мәліметке қарағанда Әл-Арруб Босқындар лагерінде Израиль күштерімен басталған оқиғаларда бір палестиналық аяғынан шын оқпен жараланып, ондаған адам көз жасаурататын газдан зардап шекті.

Израиль күштері соңғы кездері Шерияның батысының әртүрлі аудандарында жиі шабуылдар жасап, палестиналықтарды тергеуге алады.

Израиль әскерлерінің кеше таңертең басқыншылық астындағы Шерияның батысындағы Эриха қаласына жасаған басқында басынан оқ тиген 17 жастағы палестиналық Жибрил әл-Леда қаза тауып, 3-і ауыр 6 палестиналық жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар