"20 мыңнан астам орыс әскері қаза тапты"

АҚШ осылай деп алға тартты.

1981684
"20 мыңнан астам орыс әскері қаза тапты"

Желтоқсан айынан бері Украинамен соғыста 20 мыңнан астам орыс әскер қаза тапты деп айтылды.

Америка Құрама Штаттары Ақ Үй Ұлттық Қауіпсіздік кеңесі Стратегиялық байланыс координаторы Джон Кирби күнделікті баспасөз мәслихатында «Біз жинаған ақпаратқа қарағанда орыстар желтоқсан айынан бері 100 мың шығын берді деп болжып отырмыз» деді.  Ол бұл көрсеткіштің 80 мыңының жаралы, 20 мыңының өлі екенін алға тартты.

АҚШ лауазым иесі Кирби 20 мың адамы қаза тапқан орыс жасақтарының жартысының Ресейдің әр жеріндегі түрмелерден жиналған бұрынғы қылмыскерлер болып табылатын ақылы «Вагнер» жауынгерлері екенін айтты.

Кирби орыстардың бір айдан бері Донбасс аймағындағы шабуылының сәтсіз болғанын білдірді. Ол Украина шығыны туралы мәлімет бермеді.



Ұқсас жаңалықтар