Лихачев «таза ядролық отын» әкелу рәсімінде сөйледі

"Росатом" бас директоры Алексей Лихачев алғаш «таза ядролық отын» әкелу рәсімінде үн қатты.

1980510
Лихачев «таза ядролық отын» әкелу рәсімінде сөйледі

Атом энергиясы жөніндегі Ресей мемлекеттік агенттігінің (РОСАТОМ) бас директоры Алексей Лихачев «Әлемдегі ең ірі ядролық құрылыс жобасының табысты болуына әрі эпидемия, әрі сыртқы саяси қысымдар кедергі бола алмады» деді.

Лихачев бүгін президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің тікелей байланыспен қатысқан Аккую Атом электр станциясының (АЭС) алғаш «таза ядролық отын» әкелу рәсімінде атом энергетикасы саласында Ресей-Түркия ынтымақтастығын жетілдіруде маңызды бір күн екенін атап көрсетті.

Таза ядролық отынның жеткізілуімен Аккую АЭС-тің ядролық нысанға айналатынын және Түркия Республикасының «бейбіт ядролық ел» мәртебесін алатынын білдірген Лихачев «Қиындықтарға қарамастан, бүгінге табанды түрде қадам басып келеміз. Әлемдегі ең ірі ядролық құрылыс жобасының табысты болуына әрі эпидемия, әрі сыртқы саяси қысымдар кедергі бола алмады. Бұл жетістік кейде туындайтын мәселелерді шеберлік танытып шешуге көмектескен екі елдің басшыларына тиесілі» деді.

Түркияның алғаш атом электр стансасы құрылысының шын мәнінде ортақ бір жобаға айналғанын атап өткен Лихачев «Жобаға 400-ден астам түрік компаниясы жұмылдырылған. Түркияның өз атом өнеркәсібі кластері бар деп айта аламыз. Жинақталған ынтымақтастық тәжірибесі бізге осы кластердің әлеуетін басқа жобаларда іске асыруға мүмкіндік береді» деді.

Тұрақты өркендеу қағидалары бағытында өзіміз қызмет ететін аймақтарға әрқашан белсенді түрде атсалысамыз. Қазіргі уақытта Мерсиндегі басты әлеуметтік жобамыз «Силифке» ядролық қалашығының құрылысы. Оның ішінде жаңа тұрғын үйлер, бір мейманхана, бір мектеп және бір балабақша болады. Жергілікті бизнес өкілдерінің де назарын аударатын бұл қалашық қалалық өмір-тіршіліктің дамуына тың серпін бермек» деді.

 «Аккую» АЭС үшін кадрларды дайындаудың жалғасып жатқанын және 300-ге жуық адамның Ресейдегі университеттерде ядролық энергетика мамандығы бойынша жоғары білім алып жатқанын хабарлады.

Лихачев Түркияда салған атом электр станциясының қызмет ету мерзімінің 100 жылдан кем болмайтынына назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар