АҚШ-қа кіруге талпынған босқындар тосылды

Мексиканың қауіпсіздік күштері Техас штатындағы Браунсвилл қаласына жетпек болған тұрақсыз мигранттарды тосты.

1980581
АҚШ-қа кіруге талпынған босқындар тосылды

Мексиканың қауіпсіздік күштері Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) өткісі келген жүздеген заңсыз иммигранттардың жолын тосты.

Мексика баспасөзіндегі хабарға қарағанда көбі венесуэлалық жүздеген адам Мексиканың Матаморос қаласынан нашар және үрлемелі қайықтармен екі елді бөліп тұрған Рио-Гранде өзенінен өтпек болды.

Мексиканың қауіпсіздік күштері Техас штатындағы Браунсвилл қаласына жетпек болған тұрақсыз мигранттарды тосты.

Өз елдеріндегі зорлық-зомбылықтан, кедейліктен және саяси тұрақсыздықтан қашып келгендерін алға тартқан босқындар АҚШ-қа өту үшін шекаралас аймақтарда күтуді жалғастыруда.

Мексиканың Ұлттық Көші-қон институтының мәлімдемесінде АҚШ билігі шекараны заңсыз кесіп өткен иммигранттарды елдеріне қайтаратынын еске салып, олардың ресми өтініш беруін талап етті.



Ұқсас жаңалықтар